Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы» заңының 62-бабының 4-тармағына сәйкес, телерадиохабар тарату саласында лицензиясы жоқ және Қазақстан Республикасының аумағында өз спутниктік хабар тарату жүйесі жоқ телерадиохабар тарату операторларының шартты қолжетімділік карталарын, жеке қабылдауға арналған жабдықтарын («сұр тарелкелер») таратуға тыйым салынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сондай-ақ осы Заңның 62-бабының 5-тармағына сәйкес, «сұр тарелкелер» қызметтері үшін төлемдер жасауға да тыйым салынады.
Аталған талапты бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 451-бабының 16-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген — айыппұл салынады. Құқық бұзушылық қайталанса, айыппұлмен қатар жабдық тәркіленеді (ҚР ӘҚБтК-нің 451-бабының 17-бөлігі).
Аталған тыйымның орындалуын бақылау жергілікті атқарушы органдарға жүктелген.
Пікірлер