A+ A A-

talgatzhan 37 13-08-2025, 16:20 0

Қазақстанда ажырасудың басты себебі – тұрмыстық зорлық-зомбылық

Бүгін / Республика

Қазақстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуына тұрмыстық зорлық-зомбылық, опасыздық және тәуелділіктер негізгі себеп болып отыр. Бұл туралы әлеуметтанушы Жұлдыз Күмісбек Jibek Joly телеарнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

– Ажырасудың басты себептерінің қатарында ең жоғарғы үлес тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тиесілі – бұл 60 пайыздан асады. Ол ерлі-зайыптылар арасындағы немесе балаға қатысты физикалық қысым түрінде болуы мүмкін. Екінші орында – опасыздық. Үшінші себеп – лудомания, нашақорлық, ішімдікке салыну. Әлеуметтік зерттеулер бұл факторларды негізгі себептер ретінде көрсетіп отыр, - деді сарапшы. 

Ресми статистикаға сәйкес, ажырасқандардың 35 пайызы 1– 4 жыл, 25 пайызы 5–9 жыл, ал 8 пайызы небәрі бір жыл ішінде некесін бұзған. Сарапшының айтуынша, некені тіркеу процесінің жеңілдігі де ажырасу санына әсер етуі мүмкін.

– Біздің елде үйлену рәсімі өте жеңіл өтеді. 2024 жылы үйлену көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артқан. Қарапайым Kaspi ұсынысы арқылы да үйленуге шешім қабылдап жатқандар бар. Ал ажырасу – күрделі мәселе ретінде қарастырылғанымен, отбасылық құндылықтар толық сақталмайды немесе өзгеріске ұшырауда, - деді Жұлдыз Күмісбек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив