Синоптиктер 14 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдағы күндері Қазақстан аумағында әртүрлі ауа райы күтіледі.
— Солтүстік-батыс циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің батысында, солтүстігінде, шығысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде бұршақ түсіп, қатты жел мен дауыл болуы мүмкін. Солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі. Ал оңтүстікте күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар антициклонның ықпалымен кейбір өңірлерде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады.
Алматы мен Жетісу облыстарында күндіз қатты ыстық — 35-37 градусқа дейін көтеріледі.
Синоптиктер елдің көптеген аймағында өрт қаупі жоғары екенін, ал оңтүстік пен батыста — төтенше деңгейде екенін ескертті.
Бұдан бұрын Қазгидромет төрт облыста ауа температурасы 35 градустан жоғары болатынын болжаған еді.
Пікірлер