A+ A A-

talgatzhan 35 14-08-2025, 12:00 0

Қазақстанда ет тапшылығы жоқ – АШМ

Бүгін / Республика

Қазақстанда ет өнімдеріне тапшылық жоқ, керісінше өңделген өнім экспорты артып келеді. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мемлекеттік саясаттың басты бағыты – ел ішіндегі етті мал шаруашылығын дамыту және қосылған құны жоғары өнім экспортын ұлғайту.

- Экспорт көлемі жылдан-жылға артып келеді. Бұған дейін 60 мың тоннаға жету бойынша биік мақсаттар қойылған еді. Біз бұл көрсеткіштерді де асырып түсеміз деп ойлаймын, – деді вице-министр.

Азат Сұлтанов сонымен қатар мал өсірушілерге арналған жаңа қаржыландыру бағдарламасы туралы да айтып өтті. Бұл бағдарлама аясында азаматтар бордақылау алаңдарынан 5% мөлшерлемемен, субсидиясыз қаржы ала алады.

- Қазір тұрғындардан малды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік бар. Бұл ретте фермерлер жоғары пайызды несие үшін артық шығынға ұшырамайды, – деп түсіндірді ол.

Сұлтанов Қазақстанда етке де, мал басына қатысты да тапшылық жоқ екенін жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив