A+ A A-

talgatzhan 32 14-08-2025, 13:30 0

Үлбі көпірінің астындағы жол жабылады

Бүгін / Өскемен

«Шығыс Жылу» АҚ жылу желісінің ТҚ-631-ден ТК-634-ке дейінгі учаскесінде жүргізіліп жатқан техникалық шаралар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Сол себепті 18 тамыз сағат 00:00-17:00 аралығында А.Протозанов көшесінің бойындағы Үлбі көпірі астындағы көлік қозғалысы жабылады.

Жөндеу жұмыстары жылу беру маусымында жылу желілерінің сенімді және ақаусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін  жүргізілуде.

Жұмыс барысы мен ыстық су берудегі ықтимал үзілістер туралы «Шығыс жылу» мобильді қосымшасында білуге болады. 


Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив