A+ A A-

talgatzhan 35 14-08-2025, 15:30 0

Қазақстанда 2025-2026 оқу жылының мерзімі мен каникул кестесі бекітілді

Бүгін / Республика

Қазақстанда 2025-2026 оқу жылына арналған оқу мерзімі, оқушылардың каникул кестесі және қорытынды аттестация уақыты бекітілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Құжатқа сәйкес, жаңа оқу жылы 2025 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады.

 

1-11 (12) сыныптар үшін оқу тоқсандары мен каникул мерзімі:

1-тоқсан – 8 апта, күзгі каникул: 2025 жылғы 27 қазан – 2 қараша;

2-тоқсан – 8 апта, қысқы каникул: 2025 жылғы 29 желтоқсан – 2026 жылғы 7 қаңтар;

3-тоқсан – 10 апта, көктемгі каникул: 2026 жылғы 19-29 наурыз;

1-сынып оқушыларына қосымша каникул: 2026 жылғы 9-15 ақпан;

4-тоқсан – 8 апта.

 

Қорытынды аттестация мерзімі:

9 (10) сыныптар – 2026 жылғы 29 мамыр – 11 маусым;

11 (12) сыныптар – 2026 жылғы 2-15 маусым.

 

9 (10) сыныптар үшін емтихан кестесі:

Математика (алгебра) – 29 мамыр;

Таңдау пәні – 3 маусым;

Қазақ/орыс/ана тілі (эссе немесе жазба жұмыс) – 8 маусым;

Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тіліне байланысты) – 11 маусым.

 

11 (12) сыныптар үшін:

Қазақстан тарихы (ауызша) – 2 маусым;

Алгебра және анализ бастамалары – 5 маусым;

Қазақ/орыс/ана тілі – 9 маусым;

Таңдау пәні – 12 маусым;

Қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті – 15 маусым.

 

Бекітілген бұйрық 2025 жылғы 24 тамыздан бастап күшіне енеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив