A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 09:00 0

Қазақстанда 18 тамызда өрт қаупі жоғары өңірлер аталды

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2025 жылғы 18 тамызда Қазақстан аумағында қауіпті метеорологиялық құбылыстар күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік-батыс циклоны және сонымен байланысты атмосфералық фронттар елдің барлық аумағына әсер етеді. Көптеген өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Шығыста қатты жаңбыр күтіледі, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
- Тек республиканың батысында жауын-шашынсыз ауа райы болжануда. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстік пен шығыста түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі, - делінген ақпаратта.
Алматы облысында, Жетісу облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Төтенше өрт қаупі Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысы, солтүстігі мен шығысында, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы мен шығысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды, Ұлытау және Абай облыстарының оңтүстігінде күтіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив