455 498.77 5.56
A+ A A-

Қазақстанда 23 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды

Қазақстанда 23 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды [xfgiven_foto]Фото: [/xfgiven_foto]

2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасып жатыр. Бұл туралы АШМ мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

— Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 19,5 млн тонна шөп (жоспардың 79,6%-ы), 1,5 млн тонна пішендеме (89,2%), 620,8 мың тонна құрамажем (11,1%), 1,28 млн тонна сабан (27,6%), 367,1 мың тонна сүрлем (18,1%) дайындалды,— делінген хабарламада.
Белсенді жұмыс Қостанай (98,0%), Ақмола (96,5%), Солтүстік Қазақстан (106,7%), Павлодар (91,1%) облыстарында, Жетісу облысында (91,0%), сондай-ақ Шымкент қаласында 100% жоспар орындалғаны байқалады.
Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.
Ал еліміздегі жаңа астық экспорты 9,8 млн тоннадан асты.

Мақаламен бөлісу:
Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив