Қазақстанда eGov мемлекеттік порталында жаңа автокөліктерді онлайн тіркеу жүйесі іске қосылмақ. Тиісті құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі көлікті алғашқы мемлекеттік тіркеуді «электрондық үкімет» порталы және ақпараттандыру объектілері арқылы жүргізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бұйрық жобасын әзірледі.
Портал арқылы келесі мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі:
- автокөлікті сәйкестендіру нөмірі бойынша жеке мемлекеттік тіркеу, есепке қою және есептен шығару;
- автокөлікті тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік тіркеу нөмірін беру.
Құжат жобасы 2025 жылғы 2 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, биыл шілдеде 169,9 мың автокөлік есепке қойылды, осылайша 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 6 629 мың болды.
Пікірлер