ҚР Конституциясы күні мен қала күніне орай Көше мәдениеті фестивалі ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі
Фестиваль 26 тамыз сағат 17:00-де Арбатта басталады.
Қала тұрғындары мен қонақтарын жарыстар мен ойындар, балаларға және бүкіл отбасына арналған фотоаймақтар күтеді.
Бұдан бөлек, әртістердің өнер көрсетуімен концерттік бағдарлама, караоке, би кеші, қолөнер шеберлерінің көрмесі мен шеберлік сыныптары, «Арбаттағы суретшілер» өнер кеңістігі, фудкорт болады.
Фестивальдің демеушісі – «Казцинк» ЖШС. Компанияның қолдауымен қонақтарды сыйлықтар мен ұтыс ойындары күтеді.
Пікірлер