A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 14:00 0

Аналарға ай сайын қанша теңге жәрдемақы беріледі

Бүгін / Республика

2025 жылдың қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға мемлекеттік жәрдемақылар жалпы 354,5 млрд теңге көлемінде төленді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл көмекті орта есеппен 856,2 мың отбасы алды. Оның ішінде:

- көпбалалы отбасыларға – 308,9 млрд теңге сомасына 613,4 мың отбасы,

- наградталған аналарға – 45,6 млрд теңге сомасына 242,8 мың адам қамтылды.

Шілде айынның өзінде 49,7 млрд теңге көлемінде жәрдемақы төленіп, 846,1 мың отбасы қамтылды. Оның ішінде 601,2 мың отбасы (43,1 млрд теңге) көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы алды. Ал 244,9 мың адам (6,6 млрд теңге) наградталған аналарға берілетін төлемге ие болды.

Көпбалалы отбасыға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент баласы бар отбасылар табысына қарамастан ала алады.

2025 жылы төлем мөлшері бала санына қарай белгіленді:

- 4 балаға – 63 030 теңге,

- 5 балаға – 78 798 теңге,

- 6 балаға – 94 565 теңге,

- 7 балаға – 110 332 теңге,

- 8 және одан көп балаға – әр балаға 15 728 теңгеден төленеді.

Ал наградталған аналарға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне, сондай-ақ «Батыр ана» атағын алған немесе «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге тағайындалады.

Ай сайынғы төлем мөлшері мынандай:

- «Күміс алқа» иегерлеріне – 25 165 теңге,

- «Алтын алқа» иегерлеріне, сондай-ақ «Батыр ана» және «Ана даңқы» ордендері иелеріне – 29 097 теңге.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 6,5%-ға өсті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив