A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 13:00 0

Өскеменде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр 

Бүгін / Өскемен

Бүгін Өскемен қалалық мансап орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шараның мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнатып қана қоймай, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру. Жәрмеңкеге 24 кәсіпорын қатысып, 200-ден аса бос жұмыс орнын ұсынды. Шақырылғандар қатарында – жоғары оқу орнын жаңа бітірген түлектер, жұмыссыз азаматтар және соңғы курста оқып жүрген студенттер бар.

Мансап орталығының директоры Сымбат Шәріпханұлының айтуынша, мұндай іс-шаралар жастарға қажетті ақпарат алып, жұмыс берушілермен байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

- Биыл университетті тәмамдап, алған білімімді тәжірибеде қолдану үшін бірнеше кәсіпорынға түйіндемемді тапсырдым. «Мұндай жәрмеңкелер жиі өтсе, жастарға үлкен көмек болар еді, – дейді жәрмеңкеге келген түлектердің бірі Саят Еркінов.

Айта кетейік, жәрмеңке аясында бірқатар кәсіпорын Ашық есік күнін өткізуді жоспарлап отыр. Студенттер мен түлектер «Бейматериалдар комбинаты» ЖШС мен «Біріккен теміржол шаруашылығы» ЖШС кәсіпорындарының жұмыс барысымен танысу мүмкіндігіне ие болады.

Алайда жұмыс берушілер ұсынған бос орындар көп болғанымен, жастардың қызығушылығы төмен екені байқалған. Мәселен, «Біріккен энергосервистік компаниясы» АҚ 100-ге жуық орын ұсынып отыр. Мұнда ең төменгі жалақы – 200 мың теңге. Электрик, электромонтер, слесарь сияқты мамандарға сұраныс жоғары. 
- Еңбек өтілі жоқ мамандар да қабылданып, арнайы оқыту бағдарламасынан өте алады. Сондықтан ниет білдіргендерді қатарымызға шақырамыз, - деді компания өкілі Данира Әлімханова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив