A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 15:00 0

Байланыс орталығы ауыл шаруашылығы санағы аясында 8 мыңнан астам өтініш қабылдады

Бүгін / Республика

Тамыз айының басынан бастап Ұлттық статистика бюросының 1446 байланыс орталығы азаматтарға Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысу мәселелері бойынша белсенді түрде кеңес беріп келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

1 тамыздан бастап байланыс орталығына 10,5 мыңнан астам өтініш келіп түсіп, оның 8,4 мыңы тікелей ауыл шаруашылығы санағына қатысты болды.
Қазіргі таңда санақ онлайн форматта өтіп жатыр. Тамыз айының соңына дейін барлық ауыл шаруашылығы құрылымдары мен үй шаруашылықтары онлайн түрде sanaq.gov.kz ресми сайтында ауыл шаруашылығы санағынан өте алады.
Жедел кеңес алу үшін 1446 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ «Sanaq myrza» чат-боты мен сайттағы онлайн-консультант сияқты цифрлық байланыс арналары да қолжетімді.
Еске саламыз, санақтың екінші кезеңі 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін өтеді. Бұл кезеңде интервьюерлер онлайн санақтан өтпеген үй шаруашылықтарын аралап, деректер жинайтын болады.
Ауыл шаруашылығы санағы – елдің аграрлық секторын тиімді дамыту үшін қажет сапалы статистиканы қалыптастыру мен ауыл шаруашылығы өндірушілері туралы деректерді өзектендіруде маңызды рөл атқарады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив