Тоқты
Созбалаңға салынып кеткен шаруаларды тезірек шешу керек. Жақындарыңызға қарыз болсаңыз осы күндері қайтарып тастауға тырысыңыз. Жұмыс бабымен басқа жаққа іс-сапарларға шығуыңыз жиілеуі ықтимал.
Торпақ
Жұмыста қателіктерге бой алдыруыңыз әріптестеріңіздің қолдауынан айырылып қалуыңыз мүмкін. Әлбетте, өз күшіңізге сенгеніңіз дұрыс, десе де айтылған ақыл-кеңестерге құлақ түрген де абзал.
Егіздер
Басшылық сіздің еңбекқорлығыңызды бағалап, қызмет бабында жоғарылайсыз. Алайда отбасында екінші сыңарыңызбен аздаған түсініспеушіліктер туындауы мүмкін. Сонда барынша сабырлық сақтауға тырысыңыз.
Шаян
Қызметіңізде жаңа міндеттер пайда болады. Бұл сіз ұмтылған белестерді бағындыруға бірден-бір мүмкіндік. Ойға алған қандай да бір жоспарларыңыз болса осы аптада іске асырыңыз.
Арыстан
Алдағы күндері басшылықпен жалақы мәселесіне қатысты сөйлескеніңіз жөн. Ұсақ-түйекке бола жүйкеңізді жұқартпай, ұрыс-керістен ада болғаныңыз дұрыс. Ескі махаббатыңызды жолықтырып қалуыңыз мүмкін.
Бикеш
Құжаттармен жұмыс істегенде қателеспеуге тырысыңыз. Әр тындырылған шараға қатысты өзіңізге есеп беріңіз. Осы аптада бизнеске қатысты жаңа жоба бастамаған жөн. Алға қойған жоспарларыңызды әріптестеріңізге айтпаңыз.
Таразы
Қазір ұзақ шешім қабылдайтын уақыт емес. Қызықты ұсыныстар түссе келісіміңізді берген дұрыс. Сізге көптеген жаңа мүмкіндіктер ашылды. Қазір түрлі өзгерістер жасауға таптырмас кезең. Әрдайым өзіңізге сенім артыңыз.
Сарышаян
Нар-тәуекелге бел буамын деп асыра сілтеп жібермеңіз. Ешқашан бір уақытта бірнеше шаруаны шешуге ұмтылмаған абзал. Одан да бар күшіңізді бір жұмысқа жұмсаған әлдеқайда тиімді.
Мерген
Бала-шағаңыз шыңға шығып, сізді қуанта түседі. Ал туған-туысқандарыңыз қиындық түссе көмек көрсетуге әзір. Бірақ ақша мәселесі мәз болмайды. Сондықтан қажетсіз шығындардан бас тартыңыз.
Тауешкі
Бұл күндері жұмыс қиындап, қатты шаршайсыз. Туыстарыңыз және әріптестеріңізбен қарым-қатынаста қиындықтар туындайды. Еңбекақысы жоғары жұмыс ұсынылса, мүмкіндікті жібермей бірден келісіңіз.
Суқұйғыш
Тамыр-таныстарыңыздың көп болуы біраз дүниені шешеді. Қандай да бір мәселе туындаса созылған көмек қолынан бас тартпаңыз. Екінші сыңарыңызға сыйлық алып беріп қуантып қойыңыз, ал басы бостар осы аптада ғашығын жолықтырады.
Балықтар
Жұмыста өзіңіздің іскерлік қасиеттеріңізді көрсетіңіз: шыдамдылық, сараптама жасай отырып ойлау, әр мәселенің мәнісіне үңіле білу. Егер сүйіктіңіз ауырып қалса, оған барынша назар аударып, қолдау білдіріңіз.
Пікірлер