Жазатайым оқиға 20 тамызда Карбышев көшесінде болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кеше 102 жедел арнасына қоңырау шалған адам үйдің терезесінен астыңғы қабатта орналасқан дәмхананың шатырына кәмелетке толмаған баланың құлап түскенін хабарлады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар келді.
- Бала ауруханаға жатқызылды. Тергеу жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, терезеден құлаған бүлдіршіннің жасы үште. Ол 6-қабаттан құлап кеткен.
Пікірлер