A+ A A-

talgatzhan 36 22-08-2025, 13:00 0

Жаңа оқу жылы: Каникул мен емтихан мерзімі бекітілді

Бүгін / Республика

Елімізде 2025-2026 оқу жылына арналған оқу мерзімі, оқушылардың каникул уақыты және қорытынды аттестация кестесі анықталды. Құжатқа сәйкес, оқу жылы 2025 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2026 жылдың 25 мамырында аяқталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Оқу тоқсандары мен каникул мерзімі (1–11/12 сыныптар үшін):

- 1-тоқсан – 8 апта, күзгі каникул: 27 қазан – 2 қараша 2025 жыл;

- 2-тоқсан – 8 апта, қысқы каникул: 29 желтоқсан 2025 жыл – 7 қаңтар 2026 жыл;

- 3-тоқсан – 10 апта, көктемгі каникул: 19-29 наурыз 2026 жыл;

- 1-сынып оқушыларына қосымша демалыс: 9-15 ақпан 2026 жыл;

- 4-тоқсан – 8 апта.

Қорытынды аттестация уақыты:

- 9 (10) сыныптар – 29 мамыр – 11 маусым 2026 жыл;

- 11 (12) сыныптар – 2–15 маусым 2026 жыл.

9 (10) сыныптар үшін емтихан кестесі:

- 29 мамыр – математика (алгебра);

- 3 маусым – таңдау пәні;

- 8 маусым – қазақ/орыс/ана тілі (эссе немесе жазба жұмыс);

- 11 маусым – қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті (оқыту тіліне байланысты).

11 (12) сыныптар үшін емтихан кестесі:

- 2 маусым – Қазақстан тарихы (ауызша);

- 5 маусым – алгебра және анализ бастамалары;

- 9 маусым – қазақ/орыс/ана тілі;

- 12 маусым – таңдау пәні;

- 15 маусым – қазақ тілі мен әдебиеті немесе орыс тілі мен әдебиеті.

Бұйрық 2025 жылдың 24 тамызынан бастап күшіне енеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив