A+ A A-

talgatzhan 30 22-08-2025, 12:30 0

TURKTAV Астанада өткен IFLA конгресінде түркі әлемінің мәдени мұрасын насихаттады

Бүгін / Республика

Биыл алғаш рет Астана қаласында Халықаралық кітапханалық қауымдастықтар мен мекемелер федерациясының (IFLA) 89-шы Дүниежүзілік кітапханалық және ақпараттық конгресі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Білімді біріктіре отырып – болашақты құрамыз» ұранымен өткен бұл ауқымды шараға әлемнің 114 елінен 1600-ден астам делегат жиналды.

Кітапханашылардың ең беделді халықаралық жиыны саналатын бұл конгресс әлемдік кітапханалардың стратегиялық даму бағыттарын талқылап, саланың жаңа технологияларға бейімделу жолдарын ұсынды. Форум барысында кітапханалардың цифрлық кеңістікке көшуі, жасанды интеллект пен автоматтандыру жүйелерінің енгізілуі секілді өзекті мәселелер көтерілді.

Аталған жиында Түркі тарихы мен мәдениеті қоры – TURKTAV ерекше назар аудартты. Қор өз стендінде «Отырар» және Turcology атты халықаралық электронды кітапханаларын таныстырып, түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын біріктіруге бағытталған жобаларын ұсынды.

TURKTAV қоры мәдени мұраны сақтау мен оны цифрландыру, сирек кездесетін еңбектерді кең көлемде қолжетімді ету бағытында кешенді жұмыс жүргізіп келеді. Сонымен қатар қор заманауи түркі әлемінің көрнекті тұлғаларының еңбектерін басып шығару, аудару, ғылыми көрмелер өткізу және кәсіби тағылымдамалар ұйымдастыру жұмыстарымен де айналысады.

- Конгресс тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Ол кітапхана саласындағы үздік тәжірибелерді жинақтап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бүгінде кітапхана – тек кітаптар қоймасы емес, ол – ұлттың жадын сақтайтын, ұлттық бірегейлікті нығайтатын маңызды институт. Қорымыздың, елшіліктердің, мемлекеттік және ғылыми мекемелердің конгреске қатысуы жаңа серіктестік байланыстар орнатуға жол ашты. IFLA Конгресінің Қазақстандағы ұйымдастыру комитетін құрып, ұйымдастырған ЖОО кітапханалар қауымдастығына алғысымды білдіремін, – деді TURKTAV атқарушы директоры Әсел Лахаева.

Форум аясында TURKTAV түркі әлемінің мәдени және ғылыми әлеуетін таныстырумен қатар, халықаралық білім беру және мәдени диалогтың белсенді қатысушысы ретінде де танылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив