A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 10:30 0

Өскеменде қала күні мен Конституция күніне орай футболдан турнир өтті

Бүгін / Өскемен

Өскеменде қос мереке — Қазақстан Республикасының Конституция күні мен қала күніне орай көпшілікке қуаныш сыйлаған спорттық шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Қала тұрғындары мен қонақтары сүйікті ойындарының бірі — футболдан өткен турнирге куә болды. Жарысқа қатысушылардың басым бөлігі жастар болып, олар демалыс күнін салауатты өмір салтымен ұштастырып, мерекелік көңіл-күйге ерекше реңк қосты. Футбол аламаны қаланың көрікті орындарының бірі, Комсомол аралындағы алаңда өтті. Жарысты Өскемен қаласы әкімдігі қолға алып, оған бастапқыда 8 команда қатысады деп жоспарланған болатын. Алайда түрлі себептерге байланысты алаңға 7 команда жиналып, шеберліктерін ортаға салды.

— Бүгінгі жарысты ұйымдастырудағы мақсатымыз — жастарды спортқа баулу, оларды достыққа, татулыққа шақыру. Жарысқа келген командалардың дайындығы өте жоғары деңгейде. Қатысушыларды екі топқа бөлдік. Алғашқы күні іріктеу ойындары өтіп жатыр, ал іріктеу сатысынан сүрінбей өткен үздіктер ертең финалда жолығады, — деді жарыстың бас төрешісі Нұртай Тұраханов.

Айта кетейік, жарыс екі күнге жоспарланған. Финалдық кезеңде жеңімпаз атанған командаларға бағалы сыйлықтар мен естелік кубок табысталады. Бұл турнирдің басты ерекшелігі, тек спорттық жарыс қана емес, сондай-ақ қала тұрғындарының бірлігін нығайтып, жастардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік берген мерекелік шара болды.

Спортсүйер қауым үшін футбол мерекесі алдағы жылдары да дәстүрге айналмақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив