A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:00 0

Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін / Республика

25 тамызда Қазақстанның 16 өңірінде қатты жел соғып, өрт қаупі жоғары болады деп болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді,деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында 25 тамыз күні түнде және таңертең батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.
Алматы облысында 25–29 тамыз аралығында жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстігі мен батысында өрт қаупі өте жоғары деңгейде.
Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл болжануда. Солтүстік-шығыстан соққан жел облыстың солтүстігі, батысы және таулы аймақтарында 15–20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың шығысы мен солтүстігінде 15–20 м/с күшейеді. Оңтүстігі, шығысы және солтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Ұлытау облысының шығысында да өрт қаупі жоғары деңгейде.
Қарағанды облысында дүйсенбі күні оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында батыс, солтүстік және орталық бөліктерінде қатты жаңбыр, бұршақ, екпінді жел (шквал) күтіледі. Найзағай болады. Жел оңтүстік және оңтүстік-шығыстан 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, ал батысында өте жоғары.
Атырау облысында дүйсенбі күні батысы мен солтүстігінде найзағай, бұршақ және екпінді жел болады. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел бағыты күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауыса отырып, 15–20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы +31…+36°С дейін ысиды. Батысы мен шығысында өте жоғары өрт қаупі, орталығында жоғары деңгейде.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде солтүстік-батыс желі 15–20 м/с дейін жетеді. Солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық бөліктерінде өрт қаупі жоғары.
Абай облысында дүйсенбі күні түнде және таңертең солтүстік пен орталықта тұман күтіледі. Жел солтүстік және солтүстік-шығыстан күндіз облыстың оңтүстік-батысы, шығысы және орталығында 15–20 м/с дейін күшейеді. Орталықта және облыстың батысы мен оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Қызылорда облысының шығысында шаңды дауыл болжануда. Күндіз шығысында жел 15–20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысында жел солтүстік-шығыстан соғады. Оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді. Облыста өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы, солтүстігі және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай облысында дүйсенбі күні түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман болады. Оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысында дүйсенбі күні күндіз солтүстік-батысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив