A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 10:40 0

Өскеменде балағат сөздер айтқан әйелге айыппұл салынды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қалалық соты моральдық зиянды өтеу туралы істі қарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, әйел қала тұрғынына көпшілік алдында әдепсіз сөздер айтқан. Бұл әрекеті үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша жауапқа тартылды. 

Жәбірленуші сотқа арызданып, моральдық шығын үшін 200 мың теңге өтемақы талап етті. 

Нәтижесінде сот құқық бұзушыны 20 мың теңге төлеп, 2 мың теңгеге жуық мемлекеттік бажды өтеуге міндеттеді.

Апелляциялық сот шешімді өзгеріссіз қалдырды.


  

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив