A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 11:00 0

Өскеменде «Моңғол раллиінің» финалы өтті

Бүгін / Өскемен

20-дан астам елдің өкілдері Еуропадан басталған күрделі жолды еңсеріп, Өскеменге жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Еске сала кетейік, өткен жылы да Шығыс Қазақстанда «Моңғол раллиінің» мәресі өткен еді. Биыл 106 команданың небәрі 57-сі ғана межеге жетті, алайда қатысушылар қатары бұрынғыдан да көп.

- Сіздердің сапарларыңыз өңіріміздің байлығы мен сұлулығын, мәдени мұрасын, табиғи ресурстарын және халқымыздың қонақжайлылығын әлемге танытуға мүмкіндік береді. Бұл біздің аймақты шетелдік туристер мен спорттық іс-шараларға қатысушылар үшін барынша ашық әрі тартымды етуге жігерлендіреді, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Аймақ басшысы Шығыс Қазақстаннан естелік ретінде ралли ұйымдастырушыларына өңірдің тарихы мен мәдениетін бейнелейтін естелік сыйлықтар табыс етті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив