Әлеуметтік желілерде автокөлік иесінің ерекше видео түсіру мақсатында көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін алып, орнына тегі жазылған сәндік тақтайша орнатып, қала көшелеріне шыққан бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Полиция жүргізушіні анықтап, көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сондай-ақ ол қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін жаза қолданылды.
Осы ретте ШҚО Полиция департаменті мемлекеттік тіркеу нөмірлері заңда белгіленген тәртіппен орнатылуы тиіс екенін ескертеді. Оларды ауыстыру немесе жасыру – заңға қайшы әрекет. Ал қауіпсіздік белдігін қолданбау жол-көлік оқиғасы кезінде ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Пікірлер