A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 12:40 0

Өскеменде тазылар сайысы өтеді

Бүгін / Өскемен

28 тамызда сағат 09:00-де Ахмер ауылындағы Қабанбай батыр ескерткішінің алдында «Шырға тарту» сайысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шара Конституция күні мен қала күніне орай қолға алынбақ. 

Сайыс барысында өңірдегі тазы үздіктері анықталады. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық аңшылық өнердің бай мұрасымен таныса алады. 

Ұйымдастырушылардың сөзінше, «Шырға тарту» мәдени дәстүрлерге деген құрметті нығайту және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында өткізіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив