26 тамызда Қазақстанның 14 өңірінде ыстық, найзағай, шаңды дауыл мен тұман болады деп болжанып отыр. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, көптеген аймақтарда өрт қаупі жоғары, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында күндіз 37°С ыстық, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында найзағай, бұршақ күтіліп, ауа температурасы 35-37°С-қа дейін көтеріледі.
Жетісу облысында күндіз 35°С ыстық, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысында оңтүстігінде 36°С ыстық болады, батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі.
Түркістан облысында 27-28 тамыз күндері шөлді аудандарда 41°С қатты ыстық болжануда, шаңды дауыл тұруы мүмкін.
Қызылорда облысында шаңды дауыл және 15-20 м/с жел күтіледі.
Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел, тұман, найзағай және жоғары өрт қаупі болжанған.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райы қолайсыздығын ескеріп, сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеді.
Пікірлер