Мызы-Протозанов қиылысындағы жол қозғалысына қатысты өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Енді «Альшемали» СҮ жақтан келетін бағытта қосымша жолақ бар. Шеткі сол жақ жолақтан тек солға бұрылуға болады. Екі ортаңғы жолақ арқылы тек тура жүруге рұқсат етілген. Ал шеткі оң жақ жолақпен көлік жүргізушілері оңға және кіші айналма жол бағытына қарай бұрыла алады.
Сондай-ақ Шәкәрім даңғылындағы бір жолақ қысқартылды. Көпірден түскен кезде жүргізушілер аса мұқият болуы тиіс. Енді екі жолақ арқылы тек түзу қозғалуға ғана рұқсат берілген.
Пікірлер