A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 14:45 0

Қазақстан Семей мен Өскемендегі жылу электр орталығын өзі салуы мүмкін

Бүгін / Өскемен

Семей және Өскемен қаласында салынатын жылу электр орталығы (ЖЭО) құрылысын қаржыландыру туралы шешім алдағы айда қабылданады,  деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлім етті.

— Көкшетауда жылу электр орталығын салу бойынша шешім қабылданды, ол жобаны «Самұрық-Энерго» жүзеге асыруға кірісті. Ал Семей мен Өскеменге келсек, мемлекетаралық келісім аясында келіссөз жүргізілгенімен, өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін Ресей тарапынан қаржыландыру расталған жоқ. Сондықтан жобаларды өз күшімізбен жүзеге асыру мәселесін белсенді қарастырып жатырмыз, — дейді Сұңғат Есімханов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, түпкілікті шешім қыркүйекте қабылданады.

Еске салсақ, былтыр сәуірде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

Кейін еліміздің үш қаласында салынатын жылу электр орталықтары «Самұрық-Энерго» компаниясының теңгерімінде болатыны белгілі болды. 

Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша Көкшетаудағы жылу орталығы 2029 жылы, Өскемендегі орталық 2031 жылы, ал Семейдегі орталық 2032 жылы толық пайдалануға беріледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив