A+ A A-

talgatzhan 29 Бүгін, 15:15 0

Өскеменде Конституцияның 30 жылдығына орай конференция өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының және ШҚО Мамандандырылған  ауданаралық экономикалық сотының ұйымдастыруымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына  орай «Конституция: Заң үстемдігі және қоғамдағы адам құқықтары» атты  конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Конференцияның мақсаты – Конституцияның құқықтық, тарихи және саяси маңызын насихаттау, қоғамда заң үстемдігін нығайту және азаматтық сананы көтеру.

Аталған іс-шараға сот қызметкерлері, заңгерлер, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының қызметкерлері қатысты. 

Конференция барысында ШҚО Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты төрағасының міндетін атқарушы Т. Тургамбаев, Өскемен қаласы №2 сотының сот  төрағасының міндетін атқарушы С.Ибраев, Өскемен қалалық сотының судьясы  Ә.Хайруллинова, судья А.Павкина, ШҚ лингвистикалық орталығының директоры  А.Абзалова Конституцияның қоғамдағы орны мен даму тарихы жайлы баяндамалар жасады.

Сонымен қатар Заң саласындағы реформалар мен құқықтық мәдениет мәселелері талқыланды. 

Шара соңында қатысушылар Конституцияның ел бірлігі мен тұрақтылығының негізі екенін атап өтті. 

Іс-шара мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив