A+ A A-

talgatzhan 28 26-08-2025, 17:30 0

Қазақстан азаматтығын алуға қойылатын талаптар жаңартылды

Бүгін / Республика

Қазақстан азаматтығын алуға үмітті адамдар мемлекеттік тіл (қазақ тілі), Қазақстан тарихы және Конституцияны білу деңгейі бойынша емтихан тапсырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

— «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» заңға сәйкес, азаматтыққа қабылдау немесе азаматтықты қалпына келтіру туралы өтініш мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасының Конституциясы негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын уәкілетті орган айқындайтын көлемде білуі негізінде қабылданады, — делінген құжатта.
Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстан азаматтығын алғысы келетін азаматтарға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізді:
— мемлекеттік тілді (қазақ тілі) қарапайым деңгейде білу — кемінде 15 балл (бұрын 36 балл болатын);
— Қазақстан Республикасының Конституциясы негіздерін білу — кемінде 20 балл (бұрын 9 балл болатын);
— Қазақстан тарихын білу — кемінде 15 балл (өзгеріссіз).
Бұйрық 2025 жылғы 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңартылған талаптармен толығырақ сілтемеге өтіп танысуға болады.
Еске сала кетсек, Қазақстан азаматтығын алуды жеңілдететін құжат жобасы талқылауға биыл шілде де шығарылған еді. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив