Облыс орталығында дәстүрлі тамыз конференциясы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Онда өткен оқу жылының қорытындысы шығарылып, 2025-2026 оқу жылының басым бағыттары белгіленді.
Анықталғандай, қала мектептерінде 47 мыңнан астам оқушы білім алса, оның 4702-сі алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.
Ал 105 мектепке дейінгі ұйымда 15 мыңнан астам бала тәрбиеленуде.
Биыл 1500 орындық 3 жаңа мектеп ашылып, орын тапшылығы азаяды.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша білім сапасы 74,9 пайызды құрап, 189 түлек «Алтын белгі» иеленді.
Айта кетейік, қала мектептерінде 5 962 мұғалім жұмыс істейді, оның 117-сі жас мамандар.
Пікірлер