Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев ОКҚ алаңында өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Тәуелсіздіктің 34 жылында елдегі көлік саны 2,5 есе өскенін айтты,деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісіKAZINFORMсайтына сілтеме жасап.
— Егемендік кезеңінде еліміздің автопаркі 2 миллионнан 5,5 миллионға дейін, яғни 2,5 есеге өскен, ал халық саны 3,5 млн адамға көбейген. Одан бөлек, ел аумағы арқылы 3 млн шетелдік автокөлік өтеді, — деді Қайсар Сұлтанбаев.
Сондай-ақ, ол жол апатын тіркеу есебінің өзгергеніне қарамастан, жол апаты 75%-дан (1192-ден 2080-ге дейін) 51%-ға дейін азайғанын атап өтті.
— Ал көлік апатынан жарақат алғандар саны 91%-дан (1548-ден 2954-ке дейін) 63%-ға (16 049-дан 26 132-ге дейін) дейін төмендегенін байқап отырмыз. Биыл жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санын 8%-ға (1480-ден 1366-ға дейін) төмендеді, — деді комитет басшысы.
Пікірлер