31 тамызда сағат 11:00-де Оқушылар шығармашылық сарайында ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ата-аналар мен балалар мұғалімдермен әңгімелесіп, үйірмелерге жазылып, концерттік бағдарламаны тамашалай алады.
Мұнда хореографиялық, вокалдық, театрлық, көркемдік және спорттық студиялар бар. Сабақтар тегін өтеді.
Оқушылар шығармашылық сарайының мекенжайы: Чехов көшесі, 63.
Пікірлер