Көлік, құрылыс және сауда салалары экономикалық өсімнің негізгі драйверіне айналды, деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісіҮкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
— 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды. Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі соңғы жылдары 6,3%-ды құрап, рекордтық көрсеткішке жетті, — делінген хабарламада.
Нақты сектордағы өсім 8,3%-ды құраса, қызметтер өндірісі 5,2%-ға артты.
Негізгі драйверлер көрсеткіштері келесідей:
көлік +22,5%,
құрылыс + 18,5%,
сауда +8,6%,
тау-кен өнеркәсібі +8,5%,
өңдеу секторы +6,1%.
Пікірлер