A+ A A-

talgatzhan 27 28-08-2025, 12:30 0

Өскеменде тұңғыш рет «Шырға тарту» жарысы өтті

Бүгін / Өскемен

Өскеменде қала күні мен Конституция күніне орай алғаш рет қазақы тазы тұқымдары арасында «Шырға тарту» жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.


Доданың басты мақсаты – ұлттық дәстүрді дәріптеу және тазы баптау өнерін дамыту. Жарыс Ахмер ауылының жазығында өтті. Тазылар бір шақырымдық қашықтықта бақ сынады. 

Қалалық спорт бөлімінің басшысы Диас Ерланұлының айтуынша, шара шаһар басшысы Алмат Ақышовтың қолдауымен жүзеге асқан. 

- Биыл 70-тен астам итбегі қатысты. Алдағы уақытта қатысушылар санын көбейтіп, жарысты дәстүрге айналдыру деген ойымыз бар, - деді ол.

Желдей жүйрік жануарлардың шабысы көрерменді тәнті етті. Әрбір итбегі өз итіне сенім артты.

– Тазым бұған дейін де жүлделі орындарға ие болған. Бүгін де үздіктер қатарынан көрінеміз деп сенемін, – деді сайысқа «Қарқұс» атты тазысымен келген Әлихан Байтиков.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Шырға тарту» – тазының бапталуын да, иесінің еңбегін де айқындайтын ерекше сын.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив