A+ A A-

talgatzhan 30 28-08-2025, 16:00 0

Биыл жоғары білім гранттарының 99%-ы игерілді – министрлік

Бүгін / Республика

Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары Гүлзат Көбенова биылғы оқу жылына бөлінген 77 мыңнан астам гранттың 99 пайызы игерілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

- Биыл ұлттық бірыңғай тестілеуге 210 мыңнан астам талапкер қатысты. Оның ішінде 160,5 мың адам немесе 76,35% жоғары білім алуға қажетті шекті балды жинады. ҰБТ-ның орташа балы 69,42 болды. 2025 жылы мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық, - деді вице-министр.

Оның сөзінше, биыл талапкерлерге 77 мыңнан астам грант бөлінген.

- Биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 232 грант бөлінді, оның ішінде 77 084 грант жоғары білімге арналған. Конкурс қорытындысы бойынша гранттар 99% көлемінде игерілді, - деді Гүлзат Көбенова.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив