A+ A A-

talgatzhan 2 Бүгін, 09:00 0

Еліміздің бірқатар өңірінде бұршақ жауады - Қазгидромет

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 2-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Кәспорын таратқан деректерге қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктер біртіндеп Қазақстаннан тыс жерлерге ауысады, бірақ әлі де Солтүстік және шығыс аймақтарға әсерін сақтайды. Ал мұнда найзағай ойнап, жаубыр жауып, арты қарға айналуы мүмкін, кей өңірлерде бұршақ жауады.

Еліміздің қалған аймақтарында күн жауын-шашынсыз. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, елдің солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Түнде Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында 35 градус, Атырау облысында 35-37 градус, Маңғыстау облысында 38 градус, Ақтөбе облысының батысында 35 градус ыстық болады.

Алматы, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау және Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе және Абай облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив