A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 11:40 0

25 мыңнан астам қазақстандықтың жалақысы 50 пайызға дейін көтеріледі

Бүгін / Республика

Қыркүйек айынан бастап ел бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өседі. Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, еңбекақы орта есеппен 35-50%-ға көбейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын энергетика саласы мамандарының деңгейіне дейін көтеруді көздейтін "Табиғи монополиялар туралы" заңға енгізілген түзетулер күшіне енді.

Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі осы заңды іске асыруға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Айта кетейік, су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы биыл қыркүйектен бастап артады.

Бұл түзетулерді әзірлеу былтыр басталған болатын. Биыл маусым айында заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойды.

- Министрлік су шаруашылығы саласы мамандарының мәртебесін көтеру мен еңбек жағдайын жақсартуға ерекше мән береді. Мысалы, биыл "Қазсушардың" барлық 425 маусымдық жұмысшысы тұрақты жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ су мамандарының біліктілігін арттыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр, оның ішінде шетелдерде де оқыту қарастырылған. Қабылданған барлық шара республикадағы су қауіпсіздігін қамтамасыз етуде еңбек етіп жүрген азаматтардың мәртебесін көтеруде елеулі прогреске қол жеткізуге мүмкіндік берді,– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Су саласы мамандарының жалақысын арттыру шаралары былтыр да жүзеге асқан болатын. 2024 жылы "Қазсушар" РМК қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға көбейтілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив