A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 14:20 0

Глубокое ауданының тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Бүгін / Глубокое

Бүгін Белоусовка кентінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті, республикалық экологиялық

Іс-шараға мекеме және кәсіпорын қызметкерлері, мемлекеттік органдар өкілдері, жастар ұйымдары, еріктілер мен ауылдың белсенді тұрғындары қатысты.

Таңғы сағат 10:00-ден бастап қатысушылар қоқыс жинап, қоғамдық аумақтарды абаттандырумен және тұрғын үй аумақтарының маңайын тазартумен айналысты. Акцияның мақсаты – елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту ғана емес, сонымен қатар халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Ұйымдастырушылар жастар мен еріктілердің белсенділігін ерекше атап өтті. Көптеген қатысуш қолғап, қоқыс салатын қап, күрек сияқты қажетті құрал-жабдықтарын өздерімен бірге ала келген.

Аудандық жастар орталығының жастар ісі жөніндегі маманы Мария Пяткова мұндай бастамалар қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыруда және жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын айтты.

Жергілікті тұрғындар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да осындай акцияларға қатысуға дайын екендіктерін жеткізді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив