A+ A A-

talgatzhan 30 3-09-2025, 09:00 0

Үш облыста 2 градус аяз болады

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 3-і күнгі күн райы болжамын жариялады,деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпорын болжамына қарағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігі атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Осыған қарай найзағаймен жаңбыр жауады, түнде республиканың шығысында жауын-шашын болады (жаңбырдан қарға ауысатын жаңбыр), солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында бұршақ жаууы және дауыл болуы мүмкін.
Елдің тек оңтүстігінде, оңтүстік-батысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, солтүстігінде, шығысында, елдің орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, орталығында топырақ бетінде 2 градус аяз болады.
Күндіз Атырау облысында 35-37 градус, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде 35 градус ыстық күтіледі.
Алматы, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Атыраудың солтүстігінде, батысында, Қостанай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.
Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау және Жетісу облыстарының шығысында, оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарында оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив