A+ A A-

talgatzhan 30 3-09-2025, 12:35 0

Өскеменде құлаған көпірді сараптамадан өткізуге Алматыдан мамандар шақырылды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласында ішінара бүлінген Шнайдар көпіріне техникалық сараптама жүргізу үшін Алматыдан мамандар шақырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

- Бұл көпірге соңғы екі жыл ішінде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жалпы мөлшері 600 млн теңге игерілген. Енді көпірге тексеру жүргіземіз. Мердігер компанияның кепілдік міндеттемелері бар. Солардың негізінде көпірді қалпына келтіру жұмыстары атқарылады, – деді қала әкімі Алмат Ақышов.

Өз сөзінде ол көпірді мейлінше қысқа мерзімде қалпына келтіруге тырысатынын жеткізді.

- Бұл қаланың көлік жүйесін айтарлықтай жеңілдететін маңызды көпір. Сол себепті 2-3 айдың ішінде оны қалпына келтіруге тырысамыз, – деді әкім.

Айта кетейік, қалада су шайған Шнайдар көпірі жартылай құлап, жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған еді. Сөйтіп, Үлбі өзенінің екі жағалауын қосатын айналма жолмен жүру мүмкін болмай қалды. Бұл көлік қозғалысын айтарлықтай қиындатты.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив