Республика алаңынан Ертіс көпіріне дейінгі демалыс аймағының учаскесі Конституция күні мен қала күніне орай ашылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазақстан көшесін абаттандыру көктемде басталған еді. Мердігерлер аумақты көгалдандырып, орындықтар орнатты, төсеніштер төседі, заманауи түрде жарықтандырып, әткеншек сынды шағын сәулет нысандарын орнатты.
30 тамызға дейін үш учаскенің екеуінде жұмыс аяқталды, соңғысын 15 қыркүйекке дейін тапсыру жоспарлануда.
Пікірлер