A+ A A-

talgatzhan 31 3-09-2025, 15:05 0

Жаңа заң: Үлескер қолма-қол ақшаға пәтер ала алмайды

Бүгін / Республика

ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы Бақытжан Жүнісбеков жаңа заңға сай елімізде тұрғын үй құрылысына үлескерлерді тартудың тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Комитет басшысының айтуынша, механизмнің негізгі қадамдары мынандай:

1. Құрылыс салушы жобалық-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлейді.

2. Банк құрылыс салушыны талдайды (қаржылық жағдайы, тәжірибесі, беделі және т.б.).

3. Банк арнайы шот ашады.

4. Құрылыс салушы қаражатқа кезең-кезеңімен қол жеткізеді, бұл белгілі бір құрылыс жұмыстары орындалғанын растағаннан кейін жүзеге асады.

5. Банктік келісімшартқа қол қойылғаннан кейін құрылыс салушыға үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органнан (ЖАО) рұқсат беріледі.

6. Үлескерлер қаражатты құрылыс салушыға тікелей емес, банк шоттарына аударады.

7. Банк құрылыс кезеңдерінің орындалуын тәуелсіз сарапшылар (техникалық қадағалау ұйымдары) арқылы бақылайды.

8. Банк құрылыс салушыға қаражатты белгілі бір кезеңдер орындалғаннан кейін аударады (қаңқаны тұрғызу, терезелерді орнату, инженерлік коммуникацияларды жүргізу және т.б.).

9. Банк бақылау функцияларын аяқтайды.

10. Үлескерлерге меншік құқығы беріледі.

Өзгерістерге сай, ендігі жерде сатып алушы құрылыс нысанының Бірыңғай оператордан кепілдігін барын онлайн тексере алады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив