A+ A A-

talgatzhan 28 4-09-2025, 09:15 0

Кейбір өңірде бұршақ түсіп, үсік жүруі мүмкін – Қазгидромет

Бүгін / Республика

Бейсенбі, 4 қыркүйекте Қазақстанның кейбір өңірінде найзағай ойнап, кей тұста нөсер жаңбыр жауатыны, сондай-ақ бұршақ түсіп, үсік жүретіні, жел қатты екпін алатыны болжанады,деп хабарлайдыBuqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Болжамға сәйкес, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

- Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады, солтүстікте, оңтүстік-батыста, батыста бұршақ түсіп, дауыл тұруы мүмкін... Республика бойынша ортақ тән табиғи құбылыс - желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, шығыста, батыста, еліміздің орталығында түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі, – деп жазды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -2°С дейін төмендейді деп күтіледі.

Сонымен қатар, гидрометеорологиялық орталық мынандай қауіпті табиғи құбылыстардың болатынын болжайды:

өрт қаупі жоғары – Алматы, Ақтөбе, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, Ақмола өңірінің батысында, оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Қостанай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде;

төтенше өрт қаупі – Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде және Жетісу облысында, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив