A+ A A-

talgatzhan 31 5-09-2025, 10:10 0

Ғылым және технология: инновациялық болашақты қалыптастыру

Бүгін / Республика

Білім беруге инвестициялардың қисынды жалғасы елдің ғылыми әлеуетін нығайту болып саналады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Үкімет толыққанды инновациялық экожүйені құру бойынша кешенді жұмыс жүргізуде:зерттеу университеттерінің саны өсуде (Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті, Әуезов атындағы және Букетов атындағы Қарағанды университеті) және Мемлекет басшысының жанынан Ұлттық Ғылым академиясы мен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды.

Ғалымдарды қолдау үшін нақты шаралар жүзеге асырылуда: 2024 жылдың басынан бері олардың жалақысы 18%-ға өсті, ал ғылыми атақтар үшін берілетін үстемеақылар 20 АЕК-ке (қауымдастырылған профессор, PhD үшін) және 50 АЕК-ке (профессор үшін) жетті. Жобаларды бағалау үшін TRL халықаралық стандартын енгізетін «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды. Ғылымды қаржыландыру 3,3 есе өсті, бұл 800-ден астам ғалымды әлемнің жетекші орталықтарына тағылымдамаға жіберуге және ғылыми жабдықтардың 14%-ын жаңартуға мүмкіндік берді.

Ғылымның экономиканың нақты секторымен байланысы да күшейе түсуде. Бизнеспен бірлесіп орындалған жобалардың үлесін 2025 жылы 20%-ға жеткізу міндеті қойылды. Ол үшін ғалымдардың Қазақмыс, ERG, Қазатомөнеркәсіп және Қазмырыш сияқты ірі өнеркәсіптік компаниялардың өкілдерімен кездесулері өткізіледі.

Зерттеулерге инвестиция салатын компаниялар үшін 150% салық шегерімі қарастырылған. 2025 жылдан бастап әкімдіктер жанынан жергілікті бюджеттерден қолданбалы зерттеулерді қаржыландыру үшін ғылыми кеңестер құрылатын болады. Сондай-ақ саланы толық цифрландыру үшін бірыңғай цифрлық ғылым порталы іске қосылды.

Республикалық бюджеттен барлығы 2 297 жоба және 162 ғылыми-техникалық бағдарлама қаржыландырылды, оның 1 мыңға жуығын жас ғалымдар жүзеге асыруда, ал 134-і технологияларды коммерцияландыруға бағытталған. Бұл жүйелі жұмыс Қазақстанның технологиялық егемендігі мен инновациялық болашағы үшін берік негіз қалайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив