Қала басшысы Алмат Ақышов “Арматурный” ықшам ауданы тұрғындарымен кездесіп, сауалдарға жауап беріп жатыр деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұндағы жұрт алдымен тазалыққа мән берілуін орынды санады. Айталық, Свобода көшесі маңында биіктеп өскен арамшөпті шабу шала-пұла атқарылған. Сол үшін Алмат Талғатұлынан жиірек келуін өтініп, қадағалап тұруына қолқа салды.
- Осыдан екі күн бұрын көше бойында арамшөпті шауып, тазалап кеткен болатын. Бірақ мұның бәрі көзбояушылық. Негізі, сізге мұнда жиі келу керек сияқты. Себебі, қыста мына жақтың қары мүлде күрелмейді, - деді өзін Свобода көшесі, 9 мекенжайында тұрамын деп таныстырған ер адам.
Алмат Ақышов осы сұраққа қысқа жауап берді. Бәрі көзбояушылық болса, жиірек келуге дайын екенін айтты.
Пікірлер