Тоқты
Ойлаған жоспарыңыз ауқымды болса басшылыққа бүкпесіз жеткізіңіз. Бәлкім, көп жүктемені азайтып, бір ғана бағытта жұмыс істеуіңізге мүмкіндік береді. Күш-қуатыңызды сарқып алмас үшін ұрыс-керіс, дау-жанжалға араласпаған жөн.
Торпақ
Алға қойған мақсатыңызға жетуді көздесеңіз барынша шыншыл болыңыз. Іштегі ұстанымыңыз – тек әділ шешім шығару. Апта соңына қарай достарыңызға қоңырау шалып, қал жағдайларын біліп қойсаңыз артықтық етпес.
Егіздер
Үнемі кейінге ысырып жүрген шаруаңызды қолға алыңыз. Әралуан күрделі сауалдар туындаса сол саладан хабары бар әріптестеріңізге жүгінгеніңіз дұрыс. Қаржылық мәселелерді өмірлік серігіңізбен ақылдасып шешіңіз.
Шаян
Уақыт түрлі естеліктер сыйлайды. Негізі қазір шығармашылық шабытқа ие болып, жұмысқа деген құлшынысыңыз арта түседі. Таяу күндері жүзеге асырамын деген жоспарыңыздың біршамасын орындап үлгересіз.
Арыстан
Күз келсе де үйдің күйбең жұмысы сол беті қордаланып тұр. Бөлмелерге әлдеқандай өзгеріс енгіземін десеңіз қыркүйектің осы аптасында кірісіңіз. Десе де барлығын бір өзім тындырамын деп шаршап қалмаңыз.
Бикеш
Сейсенбі, сәрсенбі күндері екі оттың ортасында қалғандай боласыз. Оның бір себебі біреуге берген уәдеңіз аяқасты орындалмай, үшінші тарапқа өтірікші ретінде көрініп, ыңғайсыз жағдайға тап боласыз.
Таразы
Небір күрделі сауалдар қойылса, бұл жолы өзіңіз жауап бере біліңіз. Тәуекелшіл Таразылар үшін осындай сенімді қадамдар жасау ұтымды әрекет. Көңіліңіз ауған жанмен кездесуді жоспарласаңыз қазір қолайсыз уақыт.
Сарышаян
Апта ортасында жұмыста да, үйіңізде де шаруа шаш етектен болмақ. Басшылық берер тапсырмасын жиі өзгертіп, соған сәйкес қадам жасау қиындап кетеді. Отбасындағы кейбір ұрыс-керістер жүйке жүйеңізге әсер етуі мүмкін.
Мерген
Қазіргі уақыт қаржыға қатысты кез келген мәселені шешуге қолайлы. Ұтымды пайдаланыңыз. Ақшаны сауатты пайдалану мен бойыңыздағы кәсіби шеберлік осыған бастамашы. Демалыс күндері саяжайға барып қайтсаңыз құба-құп.
Тауешкі
Үнемі ой жетегінде жүрудің қажеті жоқ. Жұлдыздар апта басында кездескен ырың-жырың тірліктен ада болуға шақырады. Бейтараптық – талай келеңсіздіктен сақтайтын басты қаруыңыз.
Суқұйғыш
Қолға алуға жүрексініп жүрген тапсырмаларды орындауға әркез әзірсіз. Оған қоса, жаңадан таныстық орнатып, ықпалды әріптестер табуыңыз да жасаған қадамыңызды нықтай түсті. Ендігі меже – мәнсап баспалдағымен көтерілу.
Балықтар
Айтқан сөзінде тұру – Балықтардың өткір қаруларының бірі. Әсіресе, әр сөзін екшеп жеткізетін жұлдызнама иелері әділдікті әрдайым басшылыққа алады. Жуырда бауыр еті балаңыз жарқын жетістігімен қуантуы бек мүмкін.
Пікірлер