A+ A A-

talgatzhan 30 9-09-2025, 09:00 0

Найзағай, тұман: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды

Бүгін / Республика

9 қыркүйекте еліміздің 17 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 


Синоптиктердің болжамынша, бірнеше өңірде бұршақ жауып, найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл соғады. Кей жерлерде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Түркістан облысында шаңды дауыл күтіледі.

Алматы, Жетісу, Жамбыл облыстарында таулы аудандарда найзағай болады.

Бірқатар өңірлерде (Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және басқа облыстар) төтенше өрт қаупі сақталады.

Көптеген аймақтарда тұман түсуі мүмкін.

Қазгидромет мамандары тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив