Бұл туралы қала әкімі Алмат Ақышов мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның айтуынша, қала шетіндегі қарды тазалауға қосымша техника бөлу жоспарлануда.
– Біздегі 75 техниканың 15-і мамандандырылған. Бұдан бөлек, қосымша мердігерлерді жалдаймыз. Аумақтық басқару орталығының шет аймақтарға қызмет көрсететін филиалдарына тұрғындардың арыз-шағымдары мен өтініштеріне жедел жауап беруі үшін бір-бір көліктен бөлеміз, – деді Алмат Ақышов.
Сондай-ақ шаһар басшысы жаңа техника сатып алу мәселесінің шешіліп жатқанын жеткізді. Анықталғандай, тек бір қар тазалайтын көліктің бағасы 70-80 миллион теңге тұрады.
Пікірлер