Жол-көлік оқиғасы Пограничный көшесінде болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Nissan Terrano маркалы көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, көшедегі жарықтандыру тірегіне соғылған. Нәтижесінде көлік аударылып кетті.
Көліктің ішінде тек жүргізуші болған. Ол медициналық көмекке жүгінген жоқ.
ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, медициналық куәландыру азаматтың орташа дәрежелі мас күйде болғанын анықтады. Іс материалдары сотқа жіберілді.
Пікірлер