A+ A A-

talgatzhan 2 9-09-2025, 13:35 0

Өскеменде «Дәстүр сабақтастығы – мәдениеттің кепілі» атты танымдық шара өтті

Бүгін / Өскемен

Өткен жылы да Өнер музейінде қолға алынған мәдени іс-шара ұмыт бола бастаған дәстүрді қайта жандандыруға бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұйымдастырушылар сөзінше, бұл Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив басқармасының «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығымен тізе қосып өткізілді.
Алдымен жергілікті қолөнершілер көрме өткізіп, артынша халық шырқалды. Күй тартылып, көпшілік қызықты концерттік бағдарламаның куәсі атанды. Мақсаты сол, ұлттық салт-дәстүрдің мәңгілік құндылық екенін еске салып, ұмыт қалған мұраны қайта жаңғырту. Көрермен назарына «беташар», «құрсақ шашу», «тұсау кесу», «есім қою» секілді дәстүрлер қойылым түрінде ұсынылды.
– Шығыс Қазақстан Өнер музейімен меморандум аясында жыл сайын осындай шара өткіземіз. Басты мақсатымыз – ұмыт бола бастаған дәстүрді қайта жандандырып, оны бұрмаламай, өскелең ұрпаққа дұрыс жеткізу, – деді «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығының директоры Жұмабай Ғаббарұлы.
Айта кетсек, орталық салт-дәстүр мен ырымның ара-жігін ажыратып, ғылыми тұрғыда зерттеумен де айналысады. Мұнда 16 шығармашылық қызметкер еңбек етеді. Олардың қатарында республикаға танымал айтыскер-ақындар Ақмарал Леубаева мен Нұрлан Есенқұлов та бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив