A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 16:35 0

Қазақстанда 9 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Бүгін / Республика

Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 6,3 млн гектары жиналды, бұл жалпы егіс алқабының 39,3%-ын құрайды. Бұл туралы АШМ мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

— Нәтижесінде 9 миллион тоннаға жуық астық бастырылды. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 221 мың тонна майлы дақыл, 933 мың тонна картоп (орташа өнімділік — 242,4 ц/га), 2,2 миллион тоннаға жуық көкөніс (өнімділік — 299,8 ц/га), сондай-ақ 2,1 миллион тоннадан астам бақша дақылдарын (өнімділік — 275 ц/га) жинады. Оған қоса, 358,1 мың тонна қырыққабат (өнімділік — 369,3 ц/га), 448,1 мың тонна пияз (409,9 ц/га), және 137,8 мың тонна сәбіз (314,7 ц/га) жиналды, — делінген хабарламада.

Егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде және агротехникалық талаптарға сәйкес оңтайлы мерзімде жүргізіліп жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив